A place where you need to follow for what happening in world cup

Карантин режимінің шарттарын бұзған

328

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  476-бабының 6-бөлігімен (төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін: карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу)  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. 30 наурыз 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында COVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған карантин режимінің шарттарын бұза отырып, сағат 22:00-ден кейін кафе-бардың жұмыс істеуіне жол берген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 (бес) тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.