A place where you need to follow for what happening in world cup

Көпшіліктің көкейінде не жатыр?

294

Жамбыл ауданының әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халық алдында жыл қорытындысы бойынша есептік кездесуі Тастөбе ауылдық клубында өтті. Округте атқарылған игіліктер туралы сөз алған округ әкімі Асылбек Қонаров өткен жылы ауылішілік 10 көше асфальттанғанын, егінсудың егістікке ешқандай кедергісіз жетуі үшін каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілгенін, «Қызыл- Дихан» өндірістік кооперативінің өнімнен алған қуантарлық көрсеткіштерін, Жамбыл ауылына 100 орындықты білім ордасының бой көтергенін, Еңбек және Тастөбе ауылдарына мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында газ тарту жұмыстары аяқталып қалғанын жалпақ тілмен жеткізсе, ауыл әкімінің есебінен кейін мінберге көтерілген аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айтып, өңірде атқарылған құрылыстар мен бауын тапса, байламын таппай келе жатқан күрмеулі мәселелердің кезең-кезеңімен шешіліп келе жатқанын дәйекті дәлелдермен келтірді. Ол өз сөзінде:
– Мемлекетіміз халықтың қажетін өтеу үшін ауыл-аймаққа қомақты қаражат жұмсап жатқаны белгілі. Аудандағы жаңалықтарды жергілікті басылымдар мен баспасөз беттерінен оқып, байқап жүрген шығарсыздар. Тұрғын үй мен жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімін беру, баспанамен қамту үшін аудан орталығынан биыл 76 пәтерлі 4 баспана көтеруді және 2000 азаматқа жер телімін қарастыруды жоспарлап отырмыз, – деген аудан әкімі Сәкен Қаланұлы көпшіліктің сауалына да назар аударды.
Мысалы, тастөбелік Қалдыбай Блешбаев төрт-түлікке ем-дом шаралары уақытысында жүргізілсе деген тілегін жеткізсе, Ғаниза Бөгенбаева балабақшаның ауылға қажеттілігін алға тартты. Ал Жамбыл ауылынан келген Рүстем Сұраншиев бөбекжайдың жоқтығын айтып, ауылда жер телімі қашан беріледі деген сауалын көлденең тартса, Бақытжан Бисенбеков Көлқайнар ауылына жол жабындысы төселсе деген өтінішін білдірді. Тұрғындарды мұқият тыңдаған Сәкен Қаланұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген сауалды хаттамаға енгізіп, шешілу жолдарына күш салатын жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.