Жуырда Меркі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, аудандағы жалғыз басты қарт адамдармен пробация есебінде тұрған тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық- түлік таратып, көмек берді. Осынау игі шара елімізде карантин кезінде жұмысы тоқатаған кейбір жеке кәсіпкерлерге нақтырақ айтқанда сол жеке кәсіпкерлікте «екі қолға бір күрек» тауып отырған жандарға қолдау көрстеу мақсатында қолға алынып отыр.
Айта кетейік, «Біз біргеміз» атты марафон аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аясында аудан әкімдігіне қарасты «Халықты жұмыспен қамту орталығының» ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, онда жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына жұмыссыз қалған сотталған азаматтар жұмысқа орналастырылды.
Арайлым Сәмбетова,
Меркі аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны