A place where you need to follow for what happening in world cup

Футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткендердің тізімі анықталды

926

Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турындағы матчтардың қорытындысы бойынша сайыстың плей-офф кезеңіне кім өткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Топтық кезеңнің нәтижесінде Алматының «Қайрат», Шымкенттің «Ордабасы», Қызылорданың «Қайсар», Оралдың «Ақжайық», Тараздың, Атакенттің «Мақтаарал», Қарағандының «Шахтері» және «Астана» турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Ал бүгін D тобындағы «Астана» мен «Шахтер» ширек финал жолдамасы үшін сынға түседі.

Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі чемпионы – қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан чемпионатының көшбасшысы «Ақтөбе» турнирден шығып қалды.

Кесте бойынша Қазақстан Кубогының ширек финалының матчтары 31 тамызда, жартылай финал 19 қазанда, финал 12 қарашада өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.