A place where you need to follow for what happening in world cup

Ерлік даңқы – мәңгілік

183

Б.Момышұлы ауылы мәдениет үйінде «Ерлік даңқы – мәңгілік!» атты Ауған соғысы ардагерлерімен жастардың кездесуі өтті. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бас болуымен ұйымдастырылған басқосдың өтуіне №16 Жуалы колледжі, Білім бөлімі, Қорғаныс істері бөлімі мен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері де үлес қосты.

Жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруды мақсат еткен кеш Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орайластырылды. Шараға аудан мектептері алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстаздары мен патриоттық клубтардың мүшелері қатысты.

Жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков ашып берді. Өз сөзінде бөлім басшысы қазіргі таңда ардагерлеріміздің ерліктеріне алғыс білдіре отырып, жастарды елін жерін сүйюге және отан алдындағы борыштарын өтеуге шақырды. Сондай-ақ, ардагерлерді  мерекелерімен құттықтады.

Шара барысында Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов «Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымына» Жуалы ауданының қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытып, жастар арасында патриоттық тәлім-тәрбие беруде жоғары деңгейде атсалысқандары үшін жастардың атынан алғысын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыстады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.