A place where you need to follow for what happening in world cup

Еріктілердің игі істері жалғасуда

156

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2020 жылы — Еріктілер жылы» етіп бекітуіне және 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай аудан жастары жарымжан және денсаулығы шектеулі кісілерге көмек көрсетуде.

Жалғыздық – адам баласының жан дүниесімен жеке қалуы. Өзімен-өзі күрес, арпалыс. Әрине ешкімде жалғыз болуды қаламайды. Кейде бір тағдырдың тауқыметін тартып, жақыныңнан көңіл қалғанда жалғыз болсам ғой деп артық кететініміз де бар. Күнделікте өмірде көріп жүретін адамдардың қандай күй кешіп жүргенін біле бермейміз. Осындай халге ұшыраған ауылымыздың жалғызбасты тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі кісінің үйіне барған аудандық білім бөліміне қарасты экология орталығының қызметкерлері сәл де болса көңілін аулап, үміт сыйлауға тырысты.

Ауласында отын, көмір жинайтын бастырма соғып, ауласын тазалап, ретке келтіріп біршама уақытқа жететін азық-түлік пен қажетті заттармен қамтыды. Осындай игі шаралар жалғасын таба беретініне сеніміміз мол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.