A place where you need to follow for what happening in world cup

Электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады?

22 378

Шынында да, электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Осы орайда электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерікбай Нармұратовпен сұхбаттасқан едік.

– Ерікбай Әзреткұлұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін түсіндіріп берсеңіз. Жаңарту қанша тұрады, қанша күнде алады, мысалы техникалық шарт?

Электр энергиясын пайдалану қағидаларынның 13 тармағына сәйкес Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұтынушымен теңгерімдік тиесілігін мен тараптардың жауапкершілігін ажырату актісі менен жаңа немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді. Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін, тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі. Техникалық шарттарды, энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуға мүмкіндігі болғанда жасайды.

Ал егер электр желілеріне қосылуға мүмкіндігі болмаса, техникалық шарттар, жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін, жобаланатын желілерден беріледі. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру қандай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі?

Ол біріншіден құрылыс-монтаж ұйымы немесе тұтынушы энергия беруші ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы, құжаттарды қоса бере отырып хабарламаны жазады.

Сонан соң, энергия беруші ұйым хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде, сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді. Хабарламаны алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, есептеуіш құрал пломбаланған соң жүргізеді, пломбалау актісін береді.

Есептеуіш құралды пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін құжаттарды жібереді. Ал энергия беруші ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді. Осы Қағидаларда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға негізгі сұрақтар шағын және орта бизнестерінен келеді. Қандай жаңа енгізулер кәсіпкерлерді қуанта алады?

– Елімізде электрмен жабдықтауға қосылу бойынша қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылған, заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтқанда, Электр энергисиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін  техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға, сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті.

Сонымен қатар, электр желілеріне қосылуға — мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.

Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен, электрмен жабдықтауға арналған шартты жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылған.

– Әңгімеңізге рахмет!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.