A place where you need to follow for what happening in world cup

Доллар бағамы 0,36 теңгеге қымбаттады

2 787

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,36 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 476,58 теңге болды.

Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы 1 долларға – 476,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 480 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 475 теңгеден болса, сатып алу құны – 479 теңге.

Ресей рублі 7,25 — 7,45 теңге аралығында құбылып тұр.

aikyn.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.