A place where you need to follow for what happening in world cup

Эльжана ерледі

14 129

Қазақстандық гимнаст Эльжана Тәниева Түркия елінде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы доп жаттығуларында жеңіске жеткен. Сонымен бірге Тәниева құрсау және лентамен жаттығуларда үшінші орын алды. Командалық көпсайыста Эльжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы қола жүлде иеленді. Дәл осындай жетістікке көпсайыстан ел құрамасы топтық көрсеткіште қол жеткізді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Додаға 55 елден спортшылар қатысып жатыр. Ойындар 18 тамызда мәресіне жетеді.

aikyn.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.