A place where you need to follow for what happening in world cup

“Дипломмен ауылға” – жастарды қолдаудың кепілі

357

Қазіргі таңда оқу орнын тәмамдаған жастарға мемлекет тарапынан қолдау жиі көрсетіледі. Сондай қоллаудың бірі және бірегейі “Дипломмен ауылға”жобасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекнедерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет ,спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломы бар мамандарды ынталандыру.
“Жас келсе іске” деген сөз тегін айтылмаса керек. Осы орайда ауыл өмірімен белсене араласқан кешегі жас түлек, бүгінгі мамандар саны артып келеді. Олар өздерін әр салада дамытып, елге қосар үлестерін арттыруда. Қоғам дамуына, келер болашаққа деген сенім қайратты жастардың күш-жігерін сынап, алдағы жетістіктерге жетелейді.
Аталмыш жоба аясында ауданымыз бойынша бірқатар шаруалар атқарылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіті туралы» №183 қаулысына сәйкес, 2010-2019 жылдары ауылдық елді мекендерге 279 маман жолдамамен келіп, 842 млн. 929 мың теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие алу арқылы баспанамен қамтылды. Сондай –ақ, 2020 жылға 56 маманға (1500 АЕК) республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бөлінген қаражат сомасы – 222 684,0 мың теңге, көтерме жәрдемақыға 108 маманға (100 АЕК) – 30 000,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында жас мамандар үшін мемлекет тарапынан көп мүмкіндік, үлкен қолдау, көмек беріліп жатыр.
Ағымдағы жылы, бағдарлама аясында наурыз-сәуір айларында көтерме жәрдемақы алған 24 маманға 6 514 800 теңге қаражат төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.