A place where you need to follow for what happening in world cup

Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуы қашан төмендейтінін айтты

120

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы қашан төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, тамызда коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі.

«Қазіргі вирустың ерекшілігін, денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін, аурудың таралуын ескере отырып, министрлік сарапшылармен бірге эпидемилогиялық жағдайдың болжамын жасады. Оған сәйкес, тамыз айында коронавирус инфекциясының орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мың жағдайға дейін өседі. Ал қыркүйек айында төмендейді деп болжап отырмыз», – деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл бюджеттен коронавирусқа қарсы күреске қанша қаржы бөлінетіні туралы айтып берген еді. 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.