A place where you need to follow for what happening in world cup

Данияр Елеусінов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

96

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жақын арада спорттық мансабын аяқтау мәселесіне қатысты пікір айтты деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Маған бокс онша ұнамайды, мен бар болғаны жеңіске жеткенді ұнатамын. Маған промоутер керек. Менің жекпе-жекке шығуым керек. Жыл соңына дейін осы ойлағаным болмаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. Мен өзімді маған сенетін және мен үшін басын бәйгеге тігетін промоутерге лайықпын деп санаймын», – деді спортшы.

Данияр соңғы рет жекпе-жекке өткен жылдың желтоқсанында аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен (15-3, 4 КО) шыққан. Ол жолы төрешілер бірауыздан шешім шығарып, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын Елеусіновке берген еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.