A place where you need to follow for what happening in world cup

Браконьерлерлік – тәртіп бұзу емес, қылмыс

69

2020 жылдан бас­тап Қа­зақ­стан­да заңсыз аң­шылық жә­не балық аулау тәртіп бұзу қа­тарынан шығарылып, орта деңгей­дегі қылмыс санатына жатқызылды. Бірнеше жыл бойы бра­ко­ньер­лерге қарсы заңды күшейту туралы айтылып келген еді. Өйткені түз тағысын атып, өзен-көлдерде балықтарды заңсыз аулайтындар көбейіп кетті. Арнайы рұқсаты жоқ аңшылар далада ойқастап, өздерін қожайын санағандары сондай, адамдарға да қару ке­зен­ді. Сондай-ақ, Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді кескен, жұлған және оларға зиян келтіргендермен де күрес күшейді. Осыған орай жануарларды заңсыз аулауға және өсімдіктер әлемін заңсыз өңдеуге қатысты баптар жаңа квалификациялық белгілерімен толықтырылды, мәселен, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға адамдар тобы ретінде алдын-ала ұйымдастырылған қастандық белгілерін атауға болады. Бұрын жасалған аталмыш қылмыстық белгілер онша ауыр емес қылмыстар ретінде қарастырылған. Енді Қылмыстық кодекстің осы баптарына сәйкес квалификациялық белгілер ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.

Нәтижесінде, табиғатқа қарсы жасалған қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу мен браконьерлерге қарсы күрес жаңа деңгейге көшті. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл жерінде де жүйелі жүргізілуде. Мәселен, жуырда Байзақ ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жергілікті ЖШС-нің бірінің жасыл желектерді заңсыз кесу дерегін анықтады.

Жоғарыда аталған ұйым су арнасын салу мақсатында уәкілетті органның рұқсатынсыз ағаштарды кесіп тастағаны белгілі болды. Байзақ ауданының орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының қорытындысы бойынша мемлекетке келтірілген залал шамамен екі жарым миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта кесілген ағаштардың көлемі 80 текше метрге тең.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Осы баптың санкциясы бойынша 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не мүлкі тәркіленіп, 40 тәулікке дейін тыйым салу түріндегі жазаны көздейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.