A place where you need to follow for what happening in world cup

Болат Назарбаевтың үйін қарулы адамдар күзетіп тұр

160

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен қоса жұрт оның туған-туыстарын да іздеп жатыр. Тұңғыш президенттің бауыры Болат Назарбаевтың шетел асып кеткені сөз болды. Nege.kz тілшісі Болат Әбішұлының Алматы іргесіндегі «резиденциясына» барып қайтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы Shymda Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Үшқоңырға барар жол бойында елден ерекшелеп салынған қорған байқалады. «Үй» деп айтпай отырғанымыз қорған биіктігінен арғы бетте не барын көру мүмкін емес. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, бұл аумақта Болат Назарбаевтың үйі орналасқан.

Сапарымыздың негізгі мақсаты Б.Назарбаевтың қайда екенін анықтау және үй маңында келімді-кетімді адам болса, әңгімеге тартып мән-жайды сұрау еді. Бізбен қатар бұл жерге orda.kz редакциясындағы әріптестеріміз де келген екен. Олар дрон ұшырып, аула ішінен қандай да бір ақпарат алуға тырысты.

Сол сәтту жанымызға мемлекеттік тіркеу нөмірі 767 AY|05 KIA автокөлігі тоқтап, бақылып тұрды.

Көп өтпей әуедегі дронға атылған бірнеше оқ даусы естілді. Артынша автомат асынған күзетшісі бізге қарай жүгіріп келді. Біздің кім екенімізді, не үшін таспаға түсіріп жатқанымызды анықтамақ болды. «Кімнің үйін күзетесіз?» деген біздің қарсы сауалымызды естімегендей болды.

P.S: Болат Назарбаевтың үйін күзететін қару асынған күзетші осылайша дронға оқ атып, журналистерге доқ көрсетті. Киген киімінде қандай да бір әскердің немесе полицияның арнайы белгілері жоқ. Яғни бұл үйді жеке адамдар күзетіп жүрсе керек. Ал «Болат Назарбаев қайда?» деген сұраққа сол күйі жауап табылмады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.