A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілерге дәріс оқылды

139

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД 158/1 мекемесiндегi шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында 2022 жылдың мекеме бастығымен бекiтiлген бағдарламаға сәйкес әлеуметтік экономикалық қуқықтық сабақтар, яғни ҚР Қылмыстық атқару Кодексiнiң 95-бабы «Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мiнез құлқын бағалау» туралы дәрiс оқылды,-деп хабарлайды muragatnews.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесiнде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi және әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесiнiң инспекторы шаруашылы жасағына қалдырылған сотталғандарға ҚР Қылмыстық атқару Кодексiнiн 95-бабы «Сотталған адамның жазасын даралау мақсатында оның мiнез-құлқын бағалау» туралы дәріс оқылды. Дәрісте сотталған адамның мiнез-кұлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мiнез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылатындығын оқыды. Сонымен қатар сотталғандардың мiнез-құлық дәрежесі мынадай критерийлер негiзiнде айқындалады: мiнездемесі оң сотталғандар және мінездемесі терiс сотталғандар болып.
Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін мекеме комиссиясы ұсынад, олардың мiнез-құлқын сипаттайтын материалдар (мекемелердiң iшкi тәртіптеме қағидаларын сақтауы; еңбек пен оқуға қатынасы; тәрбиелiк iс-шараларға қатысуы; сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуы; сотталғандардың ерiктi ұйымына мүше болуы; қылмыстан келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша шаралар колдану) негiзiнде мекеме бастығы айқындайды және сотталған адамды жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушы, үнемi бұзушы не қаскөйлiкпен бұзушы деп тану осы Кодекстiң 130-бабының үшiншi бөлiгiне және 154-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес жүзеге асырылатындығын оқып түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi.

Жамбыл облысы бойынша әділет аға лейтенанты

ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесi АКАТЖжӘПБ инспекторы

М.Н. Мыркалиева 2022жыл

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.