A place where you need to follow for what happening in world cup

Білім – баршаға ортақ игілік

447

Тәуелсіз еліміздің төлқұжаты – Ата Заң жазасын өтеушілерге де білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Осы ретте жаңа оқу жылында өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілер орта білім алуда. Аталмыш мекемедегі жазасын өтеушілер жаңа оқу жылын бастап, алғашқы ашық сабаққа қатысты. Айта кетсек, бас бостандығынан айырылғандарға мұнда облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты тәжірибелі мұғалімдер сабақ береді. Заң шеңберінде ұйымдастырылған кешкі мектептегі жалпы оқушылардың саны 76 болса, олардың 52-сі 11-ші сыныпта, 24-і 10-шы сыныпта білім алуда. Оқу жылының соңында олардың әрқайсысына оқу үлгеріміне сай орта білім алғаны туралы аттестаттар берілетін болады.

Әбдуғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.