Жақында «Асқар» шаруа қожалығында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды» және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 1 бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқу жұмыстары жүргізілді.
Осы ретте №8 Мойынқұм колледжі аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісім-шартқа байланысты 3 мамандық бойынша жастарды оқытуды қолға алған болатын.
Құмөзек, Сарыөзек, Қылышбай, Күшаман, Жамбыл ауылының жастары «Компьютерлік сауаттылық», «Экономика және бизнес» және «Мал шаруашылығы» мамандықтары бойынша теориялық және өндірістік оқыту жұмыстарына қатысуда. Қазіргі таңда аталған үш мамандық бойынша 17азамат дәріс алып жатыр.
Оқу-жаттығу барысында алдымен теориялық сабақтарын «Құлантай ВВК» шаруа қожалығының жетекшісі Уәлихан Бидайбеков жан-жақты мамандық иелеріне түсіндірсе, «Асқар» шаруа қожалығының жетекшісі Асқар Қуанышұлы шөп шабу, шөп шабатын агрегаттың құрлысымен таныстырды. Ол үшін «МТЗ-80», «МТЗ-82» тракторлары қолданылды. Тракторды білімгерлер ұстазы Асқардың басшылығымен еркін жүргізіп, шөп шабу кезінде сақтық шараларын сақтай білді.
-Еңбек бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қатысушыларға техникалық кәсіптік білім беру мен қысқа мерзімді оқу жоспарланаған. Қысқа мерзімді оқумен биылғы жылға 52 азамат жоспарланса, оның бесеуі Тараз қаласындағы «Бағыт Тараз» ЖШС –де 2020 жылдың ақпанынан бастап «Оператор погрузщик», «Оператор животновотство», «Водитель самосвалов» мамандықтары бойынша оқуларын бітіріп шықты. 47 азамат еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн түрінде сауаттылықтарын өткізуде. №8 Мойынқұм колледжінде тракторист машинист, электрогазбен дәнекерлеуші 15 азаматтты оқыту жүргізіліп жатыр. Ал қазір «Құлатай ВВК» шаруақожалығында 17 азамат мал азықтарын дайындау бойынша дәріс алып жатыр- дейді жұмыспен қамту орталығының маманы Жайдар Сқақов.