«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңі аясында Байзақ ауданында айтыс өтті.
Айтысқа барлығы 3 жұпты құраған 6 ақын қатысты. Бес ақын облыстық кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда Дидар Басығараев, Бубайда Будеева, Дархан Әбдіманат, Ернұр Бейсен және Әліпбай Нұртай.