A place where you need to follow for what happening in world cup

Иісшіл ит қылмысты ізін суытпай ашуға көмектесті

203

Меркі аудандық полиция бөліміне осы ауданның 1980 жылғы тұрғыны ауласындағы тауық қорадан 12 дана тауығын ұрлап кеткендігі туралы шағымданған.
Орын алған қылмыстық оқиғаның ізін суытпай, Меркі аудандық полиция қызметкерлері және қызметтік итпен жүргізілген жедел және кәсіби жұмыстарының нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар 47 жастағы Меркі ауданының тұрғыны анықталды. Айғақ заттар алынды. Күдікті кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.