A place where you need to follow for what happening in world cup

Азық-түлікпен киім-кешек табыс етілді

154

Қайырымдылық – адамгершілік қасиеттің ең ізгі бастауы. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, аз қамтылған, қамқорлыққа мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – жомарт жандардың ғана қолынан келері анық. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын созу — әрбір адамның азаматтық парызы.

Жуырда Жуалы аудандық пробация қызметкерлері «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, есепте тұратын 10 азаматты бір реттік азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, 5 азаматқа қысқы маусымға арналған киім-кешегін сатып алып берді. Жалпы, пробация есебінде тұрған көптеген азаматтар өмірдің қиындығымен бетпе-бет келіп, бар ауыртпалықты арқалап жүретіні жасырын емес. Оларды мемлекет және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен кәсіпкерлер қамқорлықтарына алып, жыл ішінде бірнеше мәрте қол ұшын созады. Бұл бағыттағы жұмыстар Жуалы аудандық пробация қызметінде де жүйелі жалғасын табуда.

Бағлан Бекмолдаев,
Жуалы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.