A place where you need to follow for what happening in world cup

Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді

280

Бүгін «AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған «Партиялық мониторинг және қадағалау» тобы аудан орталығында орналасқан шағын дүкендердегі 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында шағын дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағасы жауапты облыстық басқарма тарапынан белгіленген бағадан аспағандығы байқалды.
Кәсіпкерлер жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы жеткізуші делдалдарға байланысты күн сайын өзгеріп тұратындығын, жергілікті диқандардың өнімімен қатар, басқа да аймақтардан жеткізіліп жатқандығын атап өтті.

Алдағы уақытта аудандағы дүкендер мен сауда орталықтарында, базарларда баға бойынша мониторинг тұрақты жүргізілетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.