A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауданда атқарылған жұмыс аз емес

205

Айта кету керек, пайдалануға берілгеніне жарты ғасырға жуықтаған су қоймасының суы екі бірдей ауданға ырзық болып отыр. Тұтастай алғанда аталмыш су қоймасы 620 миллион текше метр су жинауға қауқарлы. Алайда, қажеттілігіне қарай мұндағы судың көлемі өзгеріп отырады. Сондай-ақ, су қоймасына ұзындығы 38,3 шақырымды құрайтын сол жағалау магистраль каналы мен ұзындығы 48,8 шақырымды құрайтын оң жағалау магистраль каналы және ұзындығы 52,7 шақырымды құрайтын Тасөткел магистральді каналы қарайды. Аталған каналдар аудандағы егіс алқаптарына ағын су жеткізуде үлкен маңызға ие екенін айта кеткен жөн. Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары экономика саласының елеулі бөлігін ауыл шаруашылығы құрайтын Шу ауданы үшін Тасөткел су қоймасы маңызды рөл атқаратынына тоқталып, мұндағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажеттігін жеткізді.

Бұдан кейін Еркебұлан Әбілхан-ұлы Шу қаласында орналасқан «STANDART CONSTRUCTION GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің битум зауытында болып, ондағы жұмыстардың жай-жапсарымен танысты. Серіктестік директоры Мұхамбеталы Жеңісұлының айтуынша, осыдан екі жыл бұрын құрылыс жұмыстары аяқталған зауыт әлі күнге дейін іске қосылмаған. Ондағы басты себеп – инфрақұрылым жұмыстарының толық ақталмауында екен. Сонымен бірге, шикізат мәселесі де зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне қолбайлау болып отырған көрінеді. Ал жалпы алғанда серіктестік жылына 150 мың тонна дайын битум өнімін шығаруға қауқарлы екен. Осыған байланысты, облыс әкімінің орынбасары Е.Әбілханұлы аудан әкімі Жарылқасын Айтақов пен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековке бірлесе жұмыс істеп, серіктестіктің инфрақұрылым мәселесін шешуді тапсырды. Әсіресе, зауытқа табиғи газ жеткізу мәселесі кезек күттірмейтін түйткіл екенін тілге тиек етті. Е.Дауылбаевтың сөзінше, үстіміздегі жылы Шу ауданындағы жолдарды жөндеуге қыруар қаржы бөлініп отырған көрінеді. Бұл ретте дайын өнім шығаруға мүдделі «STANDART CONSTRUCTION GROUP» ЖШС-нің атқарар рөлі маңызды болмақ. Осылайша, зауыт алдағы екі айға жуық уақытта толық іске кірісіп, аудандағы жол жөндеу жұмыстарына өз үлесін қосатын болады.

Аудандағы жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолы-ның құрылысын көзбен көріп, өңірдегі өзге де нысандарды аралады.

Ерғали АСХАТҰЛЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.