Елімізде аталып өтіп жатқан Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарылып, игі шаралар ұйымдастырылуда.
Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған игі істердің бірі әр аудан орталығына кіре беріс жолдың бойына сол ауданның қысқаша мәліметі жазылған стелла орнату тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Мойынқұм ауылының кіре берісіне аудан паспорты бар стелланың ашылу салтанаты болып, қолданысқа берілді. Стелланы ашу үшін аудан әкімі М.Мұсаев құттықтау сөз айтып, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиевпен бірге лентасын қиды. Сондай ақ стелламен бірге кіре берісте Мойынқұм ауылының атауы жазылған арка да жөндеуден өткізіліп, жаңарып, аудан орталығының ажары одан әрі әрлене түсті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық