A place where you need to follow for what happening in world cup

Абай бейнесі бағаналарға бекітілді

8 941

Облыс орталығындағы ұлы ғұламамен аттас көшеде Абай бейнелері пайда болды. Тараздың негізгі көшелерінің бірі саналатын Абай даңғылының бойына ағартушы ақынның суреті ілініп, көше көркін кіргізе түсті.
Тараз көшелерінің аты берілген Төле би, Жамбыл, Әл-Фараби секілді қазақтың біртуар тұлғаларының да фотосуреттері бағаналарға бекітілетін болады.
Айта кету керек, биылғы жылы Тараз көшелерінің күрделі және орташа жөндеуден өтуімен қатар, қазіргі уақытта «Smart City» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шаһар көшелерін сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру барысында түнгі Тараз түрлене түспек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.