Сапалы білім, шағын бизнесті қолдау және коммуналдық жаңғырту: «Әділет» кандидаттары Шу ауданында кездесулер өткізді — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Сапалы білім, шағын бизнесті қолдау және коммуналдық жаңғырту: «Әділет» кандидаттары Шу ауданында кездесулер өткізді

35

Жамбыл облысында «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар өңір тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстыруда.
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында кандидаттар Разымбеков Нұржан Қалмаханұлы мен Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы Шу ауданында болып, бірқатар еңбек ұжымдарымен жүздесті. Атап айтқанда, олар Шу ауданының локомотив пайдалану депосының еңбек ұжымымен, Аманкелді орта мектебінің ұжымымен, сондай-ақ «Сауда-Сервис» ЖШС қызметкерлерімен және келушілерімен кездесті.
Локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен өткен кездесуде инфрақұрылымды жаңғырту және тұрақты жұмыс орындарын құру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, 2031 жылға қарай Тараз, Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларында 70,5 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту арқылы олардың тозу деңгейін 53 пайыздан 44,3 пайызға дейін төмендету, сондай-ақ осы қалаларда кәріздік тазарту құрылыстарын салу көзделген. Бұдан бөлек, 456,5 шақырым жол инфрақұрылымын жаңғыртып, 116 инвестициялық жоба есебінен 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Аманкелді орта мектебінің ұжымымен жүздесу барысында білім беру саласының сапасын арттыру және адами әлеуетті дамыту бағыттары талқыланды. Партия 2031 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдарда кемінде 8,4 мың жаңа орын ашуды, 4370 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп пен 1 оқу корпусының жапсарлас құрылысын жүргізуді және 138 STEM-кабинетін сатып алуды міндет етіп отыр. Сонымен қатар техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын 51,3 пайызға дейін ұлғайту қарастырылған.
Ал «Сауда-Сервис» ЖШС қызметкерлері және келушілерімен өткен кездесуде шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ баспана қолжетімділігін кеңейту мәселелері сөз болды. Бағдарлама аясында «Іскер аймақ» жобасы бойынша 514 бизнес бастаманы қаржыландыруға ықпал етіп, өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 27,2 пайызға жеткізу көзделген. Тұрғындардың баспана мәселесін шешу үшін 4,6 млн шаршы метр тұрғын үйді, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 8 833 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Кездесулер барысында еңбек ұжымдары мен аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалық міндеттерді түсіндірді.
29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысып, «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.