Тараз облыстағы неке қию саны бойынша рейтингте көш бастады — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараз облыстағы неке қию саны бойынша рейтингте көш бастады

7

Отбасын құру – адам өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. 2026 жылдың он айында Жамбыл облысында 4 459 жұп қарым-қатынастарын ресми тіркеді. Әрбір осындай тіркеу – бұл жаңа отбасылық тарих, ортақ сапардың басталуы және екі адам үшін маңызды оқиға.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының мәліметінше, некенің көп бөлігі Тараз қаласында тіркелген – 2 241. Сондай-ақ, көшбасшылар қатарында есепті кезеңде 631 неке қиылған Қордай ауданы және 382 неке тіркеу көрсеткішімен Шу ауданы бар.
Статистика көрсеткендей, жас жұбайлар арасында жазғы маусым ерекше сұранысқа ие. Дәл осы жаз айларында үйлену тойларының саны ең жоғары көрсеткішке жеткен. Ең жоғары көрсеткіш маусым айына тиесілі – 588 жұп осы айда некелерін заңды түрде рәсімдеген. Шілде айында 581 неке тіркелсе, тамызда 505 жұп отбасын құрған. Ал салыстырмалы түрде наурыз айында 345, ақпан айында 356 неке қиылған.
Некені тіркеуге өтінішті АХАТ бөлімінде, «цифрлық үкімет» порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.
Еске сала кетейік, ақылы негізде жас жұбайларға Тараз қаласы мен облыстың кез келген ауданында некені салтанатты түрде тіркеу, сондай-ақ көшпелі неке қию рәсімін ұйымдастыру қызметтері қолжетімді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.