A place where you need to follow for what happening in world cup

Айшабибіліктердің талап-тілегіне құлақ түрді

157

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тақаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау кестесі бекітілген болатын.
Жамбыл ауданындағы қоғамдық қабылдау бүгінн қабылдау Айшабибі ауылдық округінде өтуде. Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы мен Жамбыл ауданының прокуроры Қайыржан Қуатбек бастаған топ айшабибіліктердің талап-тілегіне құлақ түруде. Қабылдау барысында санитарлық талаптар толықтай сақталуда.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген Айшабибі ауылының қариясы Жаңабек Діңкеев аудан әкімі Сәкен Қаланұлына Байжігітов көшесіне жарықтандыру бағаналарын орнатуын өтінсе, Қ.Бүрлібаев көшесінің ақсақалы Зиятхан Мүслімова көшеге асфальт қажет екенін алға тартты.
Өз кезегінде аудан әкімі С.Қаланұлы қариялардың сауалын назарға алып, келер жылы Айшабибі ауылы «Тіректі ауыл» жобасына енгізілетінін айтып, аталмыш мәселелер осы жоба бойынша жүзеге асырылатынын басып айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.