A place where you need to follow for what happening in world cup

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеуі үшін…»

184

Биылғы жылы ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елдік деңгейде атап өтілуде. Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да дана тұлға. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Ұлы ақынның мерейтойына орай Жаңаталап орта мектебінде «Абай жаққан бір сәуле сөнбеуі үшін…» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, өткізілді.
Кеш барысында ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндалды. Әрі қарай мектебімізде құрылған «Шерхан ата», «Бірлік», «Атамекен» «Шаңырақ» атты оқушылар қауымдастығының өнерлері көрсетілді. Әр шаңырақ Абайдың балалық шағы, жастық шағы туралы көріністер көрсетті. Одан кейін ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым, сәлем Қаламқас» әндері нақышына келтіре орындалды. Үшінші кезеңде оқушылар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында қазылар алқасы үш шаңырақтың да дайындаған іс-шараларына өз бағаларын беріп, үздік деп танылған «Бірлік» шаңырағын марапаттады.
Іс-шарада оқушылар Абайдың шығармалары, кітаптары, басқа да еңбектерімен танысты. Алдағы уақытта Абай ақынға арналған басқа да іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Мадина НОХАЕВА,
№26 Жаңаталап орта мектебі директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары

Жуалы ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.