A place where you need to follow for what happening in world cup

Абайтану орталығы ашылды

22 872

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.
Осыған орай, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Абайтану» орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу рәсімі білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Ашылу рәсімінде білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова «Zoom» бағдарламасы арқылы орталықтың ашылуымен онлайн құттықтап, кемеңгер ақынның он тоғызыншы қара сөзінен үзінді оқыды. Бұдан бөлек колледждің белсенді студенттері онлайн форматта ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.
Әдеби орталықтан ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген мағлұматтар табуға болады. Абай өлеңдерінің әлем тілдеріндегі тәржімалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, кемеңгердің шығармалары қамтылған. Ең бастысы орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен, тың материалдармен толықтырылып отырмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.