A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақмола облысында ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

79

Ақмола облысында 12 жасар қызды белгісіз ер адам зорлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«13 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі туралы арыз келіп түсті.

Сол күні күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — делінген полиция мәліметінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.