A place where you need to follow for what happening in world cup

Ақбақайлықтар жұмысқа орналасудан қиындық көрмейді

201

Ақбақай ауылындағы орта мектебінің мәжіліс залында өткен есеп беру жиынына ауыл халқы көп жиналды. Жиында алдымен ауыл әкімі Нұралы Әбдікерімов, содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев жыл ішінде атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.

Жиында «Алтын Алмас» акционерлік қоғамы Ақбақай филиалының жоба менеджері Ерлан Исақов жергілікті халықтың филиалға жұмысқа орналасуы жайында мәлімет берді.

«Жалпы мұнда 1070 жұмысшы-қызметкерлер жұмыс істейді. Оның 785-і Жамбыл облысынан, 460-ы Мойынқұм ауданынан. Былтыр 15 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Филиал басшылығы ауыл тұрғындарын жұмысқа қабылдау барысында мүмкіндігінше қолдау білдірді және алдағы кезде де бұл жұмысты жалғастыра береді, — деді ол.

Аудан әкімі М.Мұсаев ауыл әкімі де, филиал да жергілікті халық үшін жауапты. Сондықтан филиал басшылығы мен ауыл әкімдігі бірлесе жұмыс атқаруы керек екендігін қадап айтты. Содан соң аудандық аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Ж.Әйтішев міндетті әлеуметтік сақтандыру жайында жан-жақты айтып берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.