A place where you need to follow for what happening in world cup

Колледж жатақханасы 12 отбасыға пәтер ретінде берілмек

144

        Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірнеше нысанды аралап, көрді. Аудан басшысы алдымен №8 Мойынқұм колледжі жатақханасына барды. Мұнда жатақхананың  төменгі екі қабаты 12 отбасыға пәтер ретінде берілмек. Әрбір жеке пәтерлер бөлмелері бөлініп, едендері цементпен құйылып жатыр екен. Терезелері, есіктері салынған, жылу жүйелері  жүргізіліп, ішіне су кіргізілген. Жатахана алдына бурсчатка төселуде. Құрылысшылар осы айдың аяғына дейін жұмысты толықтай бітіруге сөз берді.

      Орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстарымен  20 құрылысшы айналысуда. Мұнда үлкен сахна тұрғызылып, алаңның көше жақ беті қоршалған. Абылайхан  ескерткішінің төменгі тұғыртастары мрамормен қапталыпты. Алаңға жаңа үлгідегі кіші брусчаткалар төселуде. «Бәйтерек»  пен су бұрқақты  іске қосу жұмыстары қолға алынған.

      Аудан әкімі М.Мұсаев күннің осындай тиімді уақытын пайдалану үшін жұмыс қарқынын арттыру керектігін ескертті.

       Ауылға кіре берістегі арка жаңа кейіпке енуде. Оның жанындағы ауданымыздың паспорты  жазылған стенд анадайдан көз тартады. Бұл жерде де аудан басшысы құрылысшыларға өз ұсынысын айтты.

     Мәден Тоқтарбайұлы Жаз-ата саябағында да болып, бұл жерлерді де қайта жаңғырту керектігі туралы тиісті азаматтарға нақты тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.