A place where you need to follow for what happening in world cup

Өзгеріс бола ма: Ендігі Парламенттік сайлау қашан өтуі мүмкін?

2 626

Қаңтар оқиғасынан кейін елде саяси реформаларды қолға алу пісіп-жетілген сыңайлы. Ал саяси реформалардың парламенттік құрылымды жөндеуден басталатыны анық.
Сондықтан қазақстандық сарапшылар «президент Қ.Тоқаевтың жақын маңда президенттік сайлауды өткізуі мүмкін» деген жорамал айтады. Мәселен, саясаттанушы Замир Қаражановтың айтуынша, қоғам парламенттің ауысқанын қалайды, сондықтан оны жаңартудың маңызы ерекше.
«Егер президент өзі уәде бергендей қыркүйекте саяси реформаны қолға алса әрі парламент сайлауын өткіземін деп шешсе, онда елде парламент сайлауы шамамен келесі жылы ақпан-қаңтар айларында өтуі мүмкін», — дейді саясаттанушы.
Оның айтуынша, қазіргі парламентарияның заң қабылдау мен оны қадағалауға қауқары жоқ.
«Кез келген заңды депутаттар қызу талқылауы керек. Ал бізде ондай жоқ», — дейді ол.
Ал Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Сельтаевтың айтуынша, елде парламент сайлауын өткізуді бір жылдан кейін бастау керек. Оған дейін президент саяси реформаларын жиынын ұсынып, оған дайындыққа 4-6 ай беруі тиіс.
«Меніңше, президент күзді күтпей-ақ саяси реформаны бастап кететін сыңайлы. Ал Мәжіліс пен мәслихат сайлауы қысқа қалмақ», — дейді ол.
Саясаттанушы саяси реформаларды алдымен партия, мәслихат, парламент сайлауы туралы заңды өзгерту мен Орталық сайлау комиссиясын жаңартудан бастау керек.
«Менің ойымша, Тоқаев саяси партияны тіркеудің жөн-жосығын өзгертпек. Бұрын партияны тіркеу үшін 40 мың азаматтың қолын жинау керек болса, оны 10 мыңға дейін, тіпті, 500-1000 дейін түсіруі мүмкін. Ресейде солай болған. Сосын қол жинауды аумақпен шектемеу керек. Кез келген облыстан қол жинауға рұқсат берген дұрыс», — дейді ол.
Сондай-ақ Сельтаевтың айтуынша, Мәжіліс пен Сенат депуттарын сайлауға халық тікелей араласуы керек.
«Сенаторларды жасырын дауыспен сайлауды қою қажет. 34 сенат депутаты тікелей дауыс беру арқылы сайланғаны жақсы», — деп түсіндіреді.
Ал саяси шолушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, елде парламент сайлауын өткізу мәселесі бәрібір күн тәртібінде түспек емес. Сондықтан оны барынша ертерек өткізсе, соғұрлым жақсы.
«Президент мәжілісті тарқатпауы да мүмкін. Таратпауға құқы бар. Бірақ ел өзгерісті күтіп отыр. Оны қолға алмаса, жағдай тағы қиындайды», — деп түсіндірді шолушы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.