A place where you need to follow for what happening in world cup

Өскеменде жоғалып кеткен 12 жасар бала табылды

75

Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бала табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, бала шұңқырға құлап кетіп, шыға алмай қалған. Оны полиция қызметкері Тілек Ерлібеков тапты.

«Іздестіру шаралары барысында 12 жастағы бала ТМК көпірінің маңындағы шұңқырдан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Содан кейін ол ата-анасына беріледі», — деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, аутизмге шалдыққан Темірлан Ахмеджанов 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған болатын.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.