A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірдің өркендеуі – ортақ игілік

288

Үгіт-насихат жұмыстары өз жалғасын табуда. 21 желтоқсан Аудандық сайлауалды штабының мүшелері Рүстем Бегалиев, Аманалы Құрбанов пен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғалымжан Сағынтаев, Рүстем Қасымов, Дәурен Ахметжаев Қарасу ауылдық округіне қарасты Ащыбұлақ ауылдық клубында «Пионер» өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен кездесті.

Кандидаттар кооператив кызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, халықтың сенімінен шығу жолындағы тиянақты тірліктерге тоқталды.

«Nur Otan» партиясының еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін сөз еткен бағдарламадағы басым бағыттарға тоқтала келе, «Экономикалық тұрақты аудан» басымдылығы бойынша 2025 жылға дейін дәнді-дақылдар өнімділігін 24 тен 26ц/га дейін, көкөніс -280нен 325ц/га дейін ұлғайту; суармалы каналдар мен дренаж жүйелерін қайта жаңғырту: (жалпы ұзындығы 553 шқ, жалпы көлемі – 14 556 га 69 канал); тамшылатып суару алаңдарын 420 гектардан 695 гектарға кеңейту; жоғары репродукциялы сапалы тұқымды (элита, 1-3 репродукция) 40 мың тоннадан 90 мың тоннаға арттыру; ірі қара мал басын 43 мыңнан 50 мың басқа жеткізу арқылы мал шаруашылығының дамыту секілді алға қойған жоспарламен бөлісіп, сайлауда дұрыс таңдау жасауға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кездесуде шаруашылық мүшелері мен тұрғындар ауылға газ тарту мәселесін көтеріп, бұл жайындағы ұсыныстары назардан тыс қалмауын сұрады.

Аудандық сайлауалды штабының төрағасы Рүстем Қасымов ауылдың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламада Қарасу және Шайдана елді мекендеріне газ тарту бойынша құжаттары дайын екенін, жақын арада ауылдарға газ тартылатынын түсіндірді.

Кездесу соңында кооператив қызметкерлері партияның атқарып жатқан жұмыстарына дән риза екендігін білдіріп, 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, өз дауыстарын беретіндігін, елдің саяси өмірінен тысқары қалмайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» Жамбыл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.