A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлемді өз өнерімен таңғалдырған қазақстандық талант иесі

6 671

Короновариус пандемиясына байланысты биыл «Балалар Евровидиниесінің» қатысушылары өз елдерінде өнерін көрсетті. Үлкен бұл дуы басым ән додасында Қазақстан атынан шыққан Қарақат Башанованың талантына  әлеуметтік желілерде тәнті болғандар аз емес. Жүрек тебірентер қоңыр дауысымен жазылған  «Foverer» әні жас талант иесінің  шеберлігін айшықтай түсті. Әсем дауысымен еліміздің даңқын көтеріп, әлемдік жарыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екенін дәлелдей білді. Ару қыз «Балалар Евродениесінде» екінші орынды қанжығасына байлады. Туа біткен таланты мен күш-жігерінің арқасында ол елімізді лайықты түрде танытып,  әлемдегі талантты вокал иелерінің санын толықтырды.

Дегенмен жақында ғана ән әлемінде қадам басқан ару  Қарақат Башановтың кім екенін ешкім білмеді. Ғаламтор желілерінде Қарақат туралы мәлімет іздеген адамдардың саны аз емес. Ендеше Қарақаттың өнер жолына қалай келгендігі жөнінде мәліметтерді бірге қарастырайық. Талант иесі атанған Қарақат қарапайым отбасыда, Алматыдан 25 шақырым жерде аудандық маңызы бар – Талғар қаласында дүниеге келген. Оның айтуынша,  ән айту өнеріне жастайынан әкесі баулыған  екен. Бүлдіршін кезінде  әкесі видеотүсірілімдер жасап, туыстар алдында Қарақат екеуі шағын сахнада өнер көрсетіпті.

Бес жасынан бастап Қарақат тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және ағылшын тілдеріндегі өлең айта білген. Кейіннен Қарақат Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатының «скрипка» сыныбына жеті жасында оқуға түсті. Сонымен қатар ол мұнда фортепианода ойнауды үйренген.

Өкінішке орай, қаршадай қызға әкесінің қаза болуы үлкен соққы тигізді. Дарынды қыз шығармашылық жолында демеу болған әкесіне арнау өлеңдерді жиі орындайды. Қарақаттың орындаушы ретінде әр өлеңі сазды, әрі жүректен шығып, жүрекке жете алады.

Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін айта келе, дара дауыс иесі атанған жас қазақстандық ару қыздың шығармашылық жол торабында тек белестерге жетуіне тілектеспіз. «Қазақстан» секілді ұлан ғайыр өлкені бар әлемге таныстырар жастарымыз көбейсін.

Інжу Маржан Мадиева,

Абылай хан атындағым ҚазХҚ және ӘТУ студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.