A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ұлы Абай әлемі — халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» қойылым-кеші өтті

229

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде М.Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады.

Абай Құнанбаевтың өміріне арналған сахналық қойылым ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орайластырылды. «Ұлы Абай әлемі – халықтың мәңгілік өшпес мұрасы» тақырыбында өткен кеш барысында жас актерлар ұлы Абай мен оның шәкірттерінің өмірінен алынған көріністерді сахналап, жиналған қауымды XIX ғасырдың атмосферасына енгізді.

Одан бөлек колледж оркестрі «Торы жорға» күйін орындаса, «Шолпы» ансамблі мың бұрала би биледі. Сондай-ақ, студенттер «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндерімен бірге халық композиторларының «Аяулым менің, арайлым», «Ойкөк» әндерін жанды дауыста орындады.

Көрермендердің көңілінен шыққан кеш Абай Құнанбаевтың өсиет сөздерімен  аяқталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.