A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғам белсенділерімен кездесу өтті

348

Қоғамдық кеңестер билік деңгейлерінде халықтың пікірін ілгерілететін және жұртшылыққа қажетті бастамалардың жүзеге асуын қадағалайтын маңызды институтқа айналуы тиіс. Бұл туралы ел Президенті Қ.Тоқаев өзінің наурыз айындағы Жолдауында айтқан болатын. Қоғамдық кеңестерге талап күшейгеннен кейін, оның құрамы да жаңадан жасақталды. Жаңа құрам жұмысты жаңа бағытта бастады.

Осы орайда, Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы Марат Абдраимов өз жұмысын қоғамға белгілі, әр салада белсенді тұлғалармен кездесу өткізуден бастады. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасында ашық, еркін форматта ұйымдастырылды.

Жиынға қатысушылары Құрманбек Сағинбеков,  Александр Цой, Ерқанат Манжуов, Роза Мұсабаева қоғамдағы түйткілді мәселелерді айтып, шешу жолдарын қарастырды.

Қоғамдық кеңеспен халық игілі үшін бірлесе жұмыс жасауға қоғам белсенділері де дайын екенін жеткізді. Жаңа Қазақстанның – жаңғыруы қоғамның өзгеруінен басталмақ.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.