A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобаны іске асыру жөніндегі ЖД -158/1 мекемесінде өткен іс-шара

200

1 мауысым 2022 жылы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде 2016 жылғы 8 желтоқсандағы N 387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жобасы өткiзiлдi. Жоба мақсаты-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға көмектесуге, қоғамға бейімделуге бағытталған. Аталған бағдарлама мекеменiң АКАТЖЖӘП бөлiмше қызметкерлерімен ұйымдастырылды.

20.05.2021 жылы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нiң 296 бабының 4-бөлiгiмен кiнәлi деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырылған, жаза мерзiмiн түзеу колониясының орташа қауiпсiз мекемесiнде өтеуге тағайындалған сотталған А.Б жазасының өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсақ түрiне (бас бостандығынан шектеу) ауыстыру жөніндегі қолдаухаты Тараз қаласы №2 сотының 16.05.2022 жылғы қаулысымен қанағаттандырылды. Босатылу күнi сотталған А.Б туыстары, яғни жұбайы мен ұлы мекеме қақпа алдында күтіп тұрды. Әлеуметтік жобада қатысу үшін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының маманы М.Ө.Амреев пен Жамбыл облысы Пробация қызметiнiң қызметкерi аға лейтенант Ж.Қ. Айтбаева сонымен қатар, облыстық БАҚ өкiлдерi шақырылды. Жоба барысында бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылған сотталған А.Б ҚР Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі ҚАК) 65 бабының талаптары түсiндiрiлдi. Сотталған мен босатылған соң таңдалған Түркiстан облысы, Сайрам ауданы мекен-жай бойынша барып, жергiлiктi Пробациялық бөлiмiне тiркелу тәртiбi, сонымен қатар, бас бостандығынан шектеу жазасын өтеу кезiндегi құқықтары мен міндеттерi түсiндiрiлiп, ҚАК-ң 66,67 баптарының талаптарын бұзғаны үшін тиісті жауапқа тартылатыны ескертiлдi.

Тараз қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту орталығының маманы өзінің тұрғылықты жерiне, яғни Түркiстан облысының жұмыспен қамту орталығына барып
тiркелу тәртiбiн айтып түсiндiрдi.

Кездесу соңында мекеменiң арнайы контингент арасында тәрбие жұмысы және әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесiнiң бастығы әдiлет майоры А.А. Уразымбетов өз сөзiнде жазасын өтеп шығушы А.Б қайталап қуқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырып, бостандықта туыстық байланыстарын нығайтуға, нәтижелі жұмысқа орыналасуына және қоғамға бейімделіп, енуге сәттілік тілеп шығарып салды.

ЖД 158/1 мекемесінің АКАТЖжӘП бөлімше инспекторы әдiлет аға лейтенанты

М.Н. Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.