A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда мұнайды заңсыз жолмен сатқандар сотталды

43

Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сату фактілері анықталды деп хабарлады turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған.
Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан.

Сот Шұғатаев Ж.С. 6 жылға, Унгефуг С.Г. 4 жыл 6 айға, Шамиев Е.Х. 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.