A place where you need to follow for what happening in world cup

Қамқорлық көрсетілді

192

Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Мәлімдемесінде Төтенше жағдай кезінде орындалуы тиісті жұмыстарды айқындап бердi. Мемлекет тарапынан мұқтаж жандарға көмек көрсетiлдi. Бүгінде көптеген жиындар мен кездесулер онлайн арқылы өткізілуде. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес – бүгінгі таңдағы негізгі мәселе болғандықтан, Мемлекет басшысы азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең басты міндет санайды. Бұл туралы Мәлімдемеде анық айтылған.
Бүгінгі күнге дейін 4 миллион 250 мың теңге қаржылай көмек көрсетілсе, 570 отбасыға азық-түлік таратылды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын, азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінгенін жеткізген болатын. Оның ішінде 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап, Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінгені де айтылды.
Nur Otan партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетін болады. Ел Президенті азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуін қадағалауда. Сонымен қатар отандастарымызды Төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауға шақырады. Осы ретте әр азамат халықтың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуі керек.

Ерқадыр ЖҰМАБАЕВ,
білім, спорт саласының ардагері.
Бірлік ауылы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.