A place where you need to follow for what happening in world cup

Қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

330

Бүгін, 15 желтоқсан күні Жаңатас қаласында «Есіктен есікке» акциясы аясында Жамбыл облыстық мәслихатына үміткер Досбол Жылқыбаев қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында Досбол Мәлікомарұлы қала тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндері, мектептердегі оқу жүйесі бойынша, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп, алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізіп отыруға ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Іс-шара соңында үміткер халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.