A place where you need to follow for what happening in world cup

Құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғам міндеті

674

2022 жылдың 18 — ақпан күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының 6В03111- Әлеуметтік саладағы психология мамандығының ұйымдастыруымен «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.

Ашық куратор сағатына Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері полиция майоры Байназарова Гүлзат Жетпісбайқызы, полиция капитаны Зәбір Баян Тасболатқызы, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы, «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Сүгірбеков Серік Ізбасарұлы, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Г.Ж.Макимова қатысты. А.Т.Абдрахманова ашық куратор сағатының негізгі мақсатымен, жасөспірімдер мен студенттер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу және заң білімі саласынан толық мағлұмат алу туралы таныстырып өтті.

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмысы барысында жастардың бойында патриоттық және жауапкершілік қасиеттері әрқашанда басым болу керектігін айтып өтті. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзбай және қылмыстық әрекеттерді жасамай, білімді тәрбиелі тұлға ретінде қалыптасу қажет екенін баса айтты. Егерде тәртіпті бұзған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылықтың 434, 435, 442, 492, 127 баптары немесе қылмыстық кодексі 191, 192, 293, 188 — баптар бойынша жауапкершілікке тартылатыны жайында мәлімдеді. Студенттер сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.