A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда ҚАЖ қызметкеріне әріптестері 1 150 000 теңгенің сертификатын табыстады

129

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлының бастамасымен Жамбылда ҚАЖ саласының қызметкерлері бір күндік жалақыларын дерті жанына маза бермеген әріптесінің еміне көмек көрсету мақсатында аударды. Осылайша, әулиеаталық ҚАЖ қызметкерлері ЖД-158/2 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны Самат Байтуғановқа 1 150 000 теңгенің сертификатын табыстады. Өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев қолайлы донор ретінде қол ұшын созған қызметкерлердің қайырымдылық ісі ізгіліктің анық көрінісі екенін атап өтті.

— Қай салада болмасын айналамыздағы ортаға деген жақсы қарым-қатынасымыз, адамдар арасындағы ыстық ықыластың, жанашырлықтың және қамқорлықтың тууына себеп болады. Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері әріптестерін қиындықта қалдырмай, қолдарынан келгенше өзгелерге үлгі болатындай игі іс көрсетті. Міне, осындай қолдаудың арқасында көп уақыт өтпей-ақ әріптесіміз жарақатынан жазылып, өмір қайтадан әдеттегі жаймашуақ қалпына келетініне сенімдімін, — деді Нияз Қанатұлы.

Өз кезегінде Самат Бейбітұлы көмек қолын созған әріптестеріне алғысын білдіріп, олардың қиындығы мол қызметтеріне сәттілік тіледі. Айта кетейік, ҚАЖ қызметкерлерінің тарапынан болатын көмектер тек қана белгілі бір күндерге емес, жылдың барлық уақытында қажеттілігіне қарай көрсетіліп келеді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.