A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлт ағартушысы ұлықталды

254

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіндегі шаруашылық жасағына қалдырылған жас сотталғандар арасында және кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен Қазақстанның ұлт ағартушысы, педагог және кәсіби білім негізін қалаушы Ыбырай Алтынсариннің туылған күніне көркем кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында тергеуде отырған кәмелет жасқа толмаған және жазасын өтеушілер ұлы ағартушы, алғаш мектеп ашқан педагогтың жалпы өмір баянын, ағартушылық еңбегін, шығармашылықтары мен дерексөздерін айтып талқылап және өлеңдерін еске алып, жатқа оқып өзара сынға түсті. Яғни осындай көтеген қазақ ұлтының этнограф, жазушы, жыршы және ақындарымызды әрі олардың өлең, жырларын жиі еске алу мақсатында, мекемедегі сотталғандардың патриоттық сезімін арттыру және олардың бойындағы
шығармашылық дарындарын айқындауда маңызды рөл атқарады. Айта кетсек мекемедегі кітапханада өзгеде қазақтың танымал ақын-жазушылардың шығармалары, яғни көркем әдебиеттер туралы кітап қоры аз емес. Қысқаша айтқанда, сотталғандар бүгінгі көркем іс-шарада қоғам қайраткері ағартушы туралы көптеген мағлұматтар алып, сотталғандардың кітап оқуға деген құлшыныстары арта түсуде.

М. Мыркалиева,

ЖД-158/1 мекемесінің арнайы контингент арасындағы
тәрбие жұмысы жөніндегі әлеуметтік-психологиялық
бөлімшесінің инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.