A place where you need to follow for what happening in world cup

Жол апатынан 2 адам жарақаттанып, 30-ға жуық қой жүк көлігінің астында қалды

324

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңыздағы тасжолының 436 шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі бір отар қойды жолдан айдап өтіп бара жатқан 43 жастағы азаматты қағып тоқтаған. Осы сәтте бір бағыттағы 33 жастағы азаматтың басқаруындағы «Камаз 5410» маркалы жүк көлігі «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің артынан соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан әр түрлі дене жарақатымен 48 жастағы жүргізуші және 47 жастағы қойшы №1 Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 30 шақты қой және қойшының жылқысы өлген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама толтырылды.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қортындысына сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.