A place where you need to follow for what happening in world cup

Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тілдесті

239

Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік оңалту орталығымен бірлесіп, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарды және түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтарды қоғамға бейімдеу, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру, олардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қайта баруының алдын алуға елімізде баса назар аударылуда. Мұндай жұмыстар Жамбыл облысында да тұрақты жүргізіліп келеді.

Мәселен, аталған бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесі Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының 2020 жылдың 3 тоқсанына арналған жоспарына енгізілген. Бұл мақсатта жуырда аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан, мерзімінің аяқталуына 1 жыл қалған және ШТМБ-ға, НЖЖА-ға уақыты келген сотталғандар онлайн бейнебайланыс арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті.

Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оларға құқықтық көмек көрүсету мақсатында өткен кездесу барысында азаматтар мамандардан кеңес алып, сұрақтарын жолдады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.