A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауғанстан, Польша, Алжир, ресейліктер сарысулық онлайн турнирге қатысты

707

Дүниежүзілік шахмат күніне арнап өткізілген жылдам (блиц) шахматтан «SARYSY OPEN» облыстық ашық онлайн турнирі өтті.
Аталған турнирге бірнеше мемлекеттердің 52 әуесқой және оқушы шахмат-шылары қатысты.
Атап айтсам Ауғанстан,Польша,Алжир,Ресей және Жамбыл облысының шахматшылары ойын порталында үш сағат бойы тартысты ойын көрсетті.
Турнир lichess.org ойын порталының платформасында,жылдам шахмат ойынынан өтті, әр ойыншыға ойын соңына дейін 3 мин әр жүріске 2 секунд берілді.
Жарыс ережесіне сәйкес, барлық ойыншылар (52ойыншы) бір топта швейцар
Жүйесімен 9 тур ойнап, жалпы жинаған ұпай сандарына қарай ерлер, әйелдер, қыздар және жалпы топтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Жалпы топтың жеңімпаздары:
І-орын Арипов Абдусамат Тараз қаласы «Гамбит» шахмат мектебінің оқушысы.
ІІ-орын Расулов Валихан Тараз қаласы- Шахматтан жаттықтырушы.
ІІІ-орын Адибаев Жандос Т.Рысқұлов ауд.-Шахматтан жаттықтырушы.
Ерлер арасында:
І-орын Абибуллаев Досым Сарысу ауданы Саудакент ауылы
ІІ-орын Зауырбекұлы Жантөре Талас ауданы
ІІІ-орын Тлепов Нұржан Байзақ ауданы.
Әйелдер арасында:
І-орын Өміртаева Сағыныш Сарысу ауданы Саудакент ауылы
ІІ-орын Есмаханова Балнұр Сарысу ауданы Саудакент ауылы
ІІІ-орын Рашидова Айгерім Сарысу ауданы Саудакент ауылы
Қыздар арасында:
І-орын Сейтқазиева Ақерке Мерке ауданы
ІІ-орын Қырғызбай Зарина Тараз қаласы
ІІІ-орын Сулейманова Диана Мерке ауданы
Аталған жарыста Сарысу ауданының жаттықтырушысы Болатбек Амреевтің
шәкірттері жүйелі ойын көрсетіп, әр номинациялар бойынша 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдарды жеңіп алып Сарысулықтардың оңай қарсылас емес екендігін тағы дәлелдеді.
Басқада толық ақпараттар мен жарыс барысының нәтижелерімен lichess.org
сайтына кіріп танысуға болады.

Өткізілген жарыс есебінің соңында,Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынық- тыру және спорт бөлімінің басшысы Саят Бегалиевке осы аталған жарысты
ұйымдастырып,медаль және грамоталармен қамтамасыз еткені үшін Жамбыл облыстық шахмат федерациясы алғыс білдіреді.
Алдағы уақыттардада Сарысу аудандық спорт бөлімімен тығыз қатынаста болып,түрлі іс-шаралар өткіземіз деп сенемін.

Турнирдің бас төрешісі – облыстық шахмат федерациясының төрағасы Алибек Утеулиев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.