A place where you need to follow for what happening in world cup

Жемқорлыққа қарсы күрес-әр азаматтың борышы!

271

Елiмiздегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарының бiрi ретiнде айқындалған. Өйткенi, сыбайлас жемқорлық елiмiздiң әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кемел келешегiне айтарлықтай қауiп төндiретiн қоғам дертіне айналып отыр.

ҚАЖ Департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнде жемқорлықтың алдын- алу мақсатында ауысым қызметкерлері арасында мекеменiң кадр саясат бөлiмшесiнiң аға инспекторы әдiлет лейтенанты Қылыш Аңламасұлы жас қызметкерлердi жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл әрекетті дамыту туралы түсіндірмелі дәріс өтті.

Дәріс барысында аға инспектор Қ.Аңламасұлы ҚР-ның сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жемқорлықтың алдын- алу және оны жою жолында күрес шаралары өз жалғасын тауып жатканын, осы орайда, қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, аталған дерттің одан әрi өршуіне жол бермей, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қарсы тұpy- бүгiнде маңызды мәселе болып отырғаны,яғни жемқорлықтың алдын алу — ең әуелі жас кызметшiлердiң ел алдындағы азаматтық борышы екендiгiн айтып өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.