A place where you need to follow for what happening in world cup

Көктем шуағы, жан жылуы!

552

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты қауiпсiздiгi аралас ЖД-158/1 мекемесiндегi арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi және әлеуметтік-психология бөлімшесінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторы мекемеде ұсталынып отырған тергеудегі екі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен «Көктем шуағы, жан жылуы» атты кішігірім тәрбиелік мәні бар іс-шара жүргізілді.

Осыған орай мекемедегi кәмелет жасқа толмаған Б.Е пен П.Н екi жасөспірім «Көктем шуағы, жан жылуы» атты тақырыбында өздерінің көктемге деген əсем ойларын біреуі суреттеп, бiреуi ақ қағаз бетіне өзінің ішкі жан құбылысын, көктемге деген шуақты тілектерімен ойын шығарма жазу арқылы жеткізді.

Бұл іс-шара кәмелет жасына толмаған жасөспiрiмдердi түзеу мақсатында оларға жоспарлы және мақсатты ықпал етумен айкындалады, яғни жеткіншектердің ерекшелік жасына, олардың бiлiмдар, зерек, зерделi болуы үшін талаптанып, көп iзденуiне мумкiндiктер беру арқылы болашақ өмірге оң көз қарас тудыру мақсатында болашаққа жол ашып беру, олардың сурет салу және шығарма жазу және т.б жалпы сананы зерделеу, сана сезімі мен ой қабілеттерін жас ерекшеліктеріне байланысты дамыту болып табылады.

Жд-158/1 мекемесінің тәрбие жұмысы жөнiндегi арнайы контингент арасындағы әлеуметтік-психология бөлiмшесiнiң инспекторы әдiлет аға лейтенанты М.Н. Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.